Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаевты жеңгеніне қатысты ойын айтты.
"Мені қолдап жатқандардың барлығына алғыс білдіремін. Жекпе-жек алдында қатты толқыдым. Құдайға шүкір, жеңдім.
Алда алтын үшін тағы екі айқас бар. Үмітті ақтауға тырысамын. Қамшыбек Қонқабаевпен доспыз. Ол мені Қазақстанға шақырып, өзі де Өзбекстанға келген. Бұл спорт. Кім мықты сол жеңеді. Арамызда жеккөрушілік жоқ. Ол өз елінің намысын, мен өз елімнің намысын қорғаймын", - деп береді Баходирдің сөзін sports.uz.