Бокс
8 сәуір 11:37
 

Джалолов әзер жеңген украиналық Қазақстанға үн қатты

  Пікірлер

blog.share

Джалолов әзер жеңген украиналық Қазақстанға үн қатты ©Тұрар Қазанғапов

Ауыр салмақтағы украиналық боксшы Игорь Шевадзуцкий (12-3, 10 КО) Астанадағы бокс кешіндегі Баходир Джалоловпен (15-0, 14 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ауыр салмақтағы украиналық боксшы Игорь Шевадзуцкий (12-3, 10 КО) Астанадағы бокс кешіндегі Баходир Джалоловпен (15-0, 14 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

35 жастағы украиналық Джалолов құлата алмаған бірінші қарсылас болды. Баходир кәсіпқойдағы бұған дейінгі қарсыластарының бәрін нокаутқа түсірген еді. 

Шевадзуцкий жеңілсе де рингке шықанына қуанытпты

"Бұл айқасқа ұсыныс уақыты таяғанда келді. Менде дайындық та болған жоқ, тіпті бір спарринг те өткен жоқ, ештеңе. Айқасқа бес күн қалғанда келісімшартты жіберді. Ал осында (Астанаға) жекпе-жекке бір күн қалғанда келдім. Бірақ мен жеңілуге келген жоқпын. Ең мықты боксшылардың бірімен рингке шығу мен үшін құрмет. Ешкім білмейтін қарсыласпен түсініксіз жекпе-жек өткізгенше, осындай үздіктермен айқасқан жақсы. 

Жарылқаушы Тәңіріме, өзімнің командама алғыс білдіремін. Баходир мен оның командасына алғыс білдіремін. Осындай қолдау көрсеткен бүкіл Қазақстанға алғысымды айтамын. Тамаша! Бәріне сәлем. Бәрі керемет болды. 

Әрине, жеңіліс ешкімді қуантпайды. Бірақ мен рингке шықтым да, сүйетін кәсібімнен ләззәт алдым. Жеңгім келді әрине, алайда, бары осы", - дейді Шевадзуцкий UBET KZ YouTube арнасына. 


Джалолов пен Шевадзуцкий жекпе-жегі толық он раунд өтіп, төрешілер шешімімен өзбекстандықтың пайдасына аяқталды. Үшінші раундта Шевадзуцкий нокдаунға түсіп қалды. Аалйда жетінішісінде украиналықтың өзі Баходирді есеңгіретті. Алайда Джалоловқа нокдаун есептелмеді. 

Ал бұл айқас Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэль Нгасименге жекпе-жегінің кардында өтті. 5 сәуір Астанада Жәнібек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсіріп, екі титулын қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!