Бокс
9 сәуір 14:44
 

Джалолов Астанада неге әзер жұдырықтасқаны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Джалолов Астанада неге әзер жұдырықтасқаны айтылды ©Тұрар Қазанғапов

Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов ауыр салмақтағы боксшы Баходир Джалоловтың (15-0, 14 КО) Астанадағы бокс кешінде неге нашар өнер көрсеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов ауыр салмақтағы боксшы Баходир Джалоловтың (15-0, 14 КО) Астанадағы бокс кешінде неге нашар өнер көрсеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Баходирдің сынға қалуы

Украиналық Игорь Шевадзуцкийен (12-3, 10 КО) жекпе-жекте Джалолов кәсіпқой карьерасында алғаш рет төрешілер шешімімен жеңді. Алайда үшінші раундта Шевадзуцкий бір рет нокдаунға түсті. 

Кейбір көрермен бұл жекпе-жекті сынап, Джалолов сол қолымен мүлде соққы жасамағанын атап өтті. Ал Ахмедов мұны өзбекстандық боксшы қолын екінші раундта жарақаттап алғанымен түсіндірді. 

"Бұл масқара!". Астанада сериясын үзіп алған Джалолов сынға қалды

Дегенмен рекорд мінсіз

Джалолов осымен карьерасында 15-ші жеңісіне жетіп отыр. Баходир бұған дейінгі 14 айқастың бәрін нокаутпен аяқтаған. Шевадзуцкий болса, каьерасында үшінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, оның есебінде 12 жеңіс бар.

Айта кетейік, бұл кештің басты айқасында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңіп, орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!