Дина Жоламан да әлем чемпионатының ширек финалына өтті
©ҚФБ
2016 жылы әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы әлем біріншілігінің 1/4 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
2016 жылы әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы әлем біріншілігінің 1/4 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Түркиядағы біріншіліктің 1/8 финалында отандасымыз Канада елінің өкілі Скарлет Дельгадомен жолықты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Жоламан жеңіске жетті.
Енді келесі кезеңде Дина Жоламан Сербия елінің боксшысы Елена Зекичке қарсы кездесу өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының ширек финалына Карина Ибрагимова, Алуа Балқыбекова, Гүлсая Ержан, Жайна Шекербеков және Валентина Хальзова шыққан еді.
Жарнама