Дикий Арманның боксшыларға ақша таратқанына қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің Белградтағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға ақша таратқаны түсірілген видеоға қатысты ҚР мәдениет және спорт министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жүлдесіз қалған боксшылар екі мың доллардан алыпты-мыс. Видео Желіде таралып, талқыға түсті.
"Спортшылардың дайындығы, жетекшілігіне және бокстан Қазақстан делегациясын Белградта алып жүру мен коммуникациясына Қазақстан бокс федерациясы жауапты.
Құрамадағы жеке боксшыларға ақша беру ол азаматтың өз бастамасы, ол федерацияның да, министрліктің де ресми өкілі емес.
Сербияда Қазақстан бокс федерациясының жетекшілігі мен бапкерлер құрамы бар, министрлік осы дерек бойынша түсінік алу үшін ресми сұраныс жолдады", - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.
Жарнама