Бокс
24 тамыз 2018 10:34
 
Деревянченко мен Джейкобс Головкиннен тартып алынған белбеу үшін өткізілетін жекпе-жек алдында көз арбасты

  Пікірлер

blog.share

Деревянченко мен Джейкобс Головкиннен тартып алынған белбеу үшін өткізілетін жекпе-жек алдында көз арбасты © twitter.com/MatchroomBoxing

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) және америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Арнайы баспасөз мәслихаты кезінде боксшылар 27 қазан күні Нью-Йоркте орта салмақтағы IBF белбеуі үшін жұдырықтасатыны айтылды. Шілдеде бұл белеу қазақстандық Геннадий Головкиннен міндетті қарсылас Деревянченкомен 3 тамызға дейін жекпе-жек өткізетінін жазбаша растамағандықтан тартып алынған болатын. 

Айта кетейік, Головкин 2017 жылы наурызда Джейкобсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген болатын. Жекпе-жек күні америкалық IBF белбеуіне үміткер болмағандықтан салмақ өлшеуден бас тартқан. Алайда бұл ереже қазір алынып тасталған. Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі алдында Деревянченко америкалықтың спарринг серіктесі болған. 

Жарнама

Живи спортом!