"Деректер бар". "Канело" Головкинмен екінші жекпе-жекте допинг қолданғаны айтылды
Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Тимоти Брэдли (33-2-1, 16 КО) екінші орта дивизионда WBA, WBC және WBO титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) шыдамдылығына қатысты өз ойын айтты.

"Канело" бұрын рингте үнемі шаршап қалатын. Бұрын солай болған. Кәсіпқойда қырықтан астам жекпе-жек өткізді. Дэниэл Джейкобспен айқастың екінші бөлігінде ол бәсеңдеп қалды. Бұл ертеректе болғанын білемін. Геннадий Головкинмен бірінші кездесуде де қатты шаршаған еді. Бірақ содан кейін бірден өзгеріп, мүлде шаршамайтын болды.
Енді қарасаң, "Канело" бәрін нокаутқа түсіріп жүр - бұл күдік тудырады. Менің айтарым осы ғана. Ол читер деп дәлелсіз айта алмаймын. Мен өз ойымды білдіріп жатырмын. Бірақ белгілі бір деректер бар. Мұның бәрі біртүрлі. Калеб Плантпен айқаста не боларын көреміз", - деп береді Брэдлидің сөзін Fighthype.
Жарнама