Бокс
15 қазан 2018 12:39
 
Деонтей Уайлдер телешоу кезінде қызметкердің жағын ұрып сындырды

  Пікірлер

blog.share

Деонтей Уайлдер телешоу кезінде қызметкердің жағын ұрып сындырды © RingSide24

Аса ауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) ESPN арнасындағы телешоу кезінде маскоттың жағын сындырды, - деп хабарлайды BoxingScene.com

Боксер басына самбреро киген мұртты тұмарды тым қатты ұрып, құлатып тастады. Кейін Уайлдер зардап шеккен адамнан кешірім сұрап, оны келесі жекпе-жегін тамашалауға шақырды. 

"Мен костюм ішіндегі батыл жігіттен кешірім сұраймын, расымен зардап шексе", - дейді чемпион. - Бұған қатысу ұсынысын қабылдағаны үшін сыйлаймын. Ержүректілігі мен батылдығы үшін құрметтеймін. Жарақат алғаны рас болса, 1 желтоқсанда Тайсон Фьюримен жекпе-жегіме шақырып, кінәмді шайғым келеді". 

Сонымен бірге, Уайлдер маскоттың ішінде адам барын білмегенін айтады: "Иә, ішінде адам баласы барын білмедім. Ол алыстан басқарылатын құрылғы деп ойладым. Костюмдегі жігітке тағы бір құрмет білдіремін".

Алайда, кейін ESPN арнасы жарақат туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Жарнама

Живи спортом!