Бокс
20 сәуір 2021 10:52
 

DAZN орта салмақтағы ең мықты бес боксшысын атады. Головкинді тікелей бәсекелестен төмен қойды

  Пікірлер

blog.share

DAZN орта салмақтағы ең мықты бес боксшысын атады. Головкинді тікелей бәсекелестен төмен қойды Сурет: Los Pleyers

DAZN стриминг қызметі орта салмақтағы ең мықты бес боксшының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

DAZN стриминг қызметі орта салмақтағы ең мықты бес боксшының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) бұл тізімде екінші, ал рейтинг көшбасшысы WBC титулына ие америкалық Джермалл Чарло.

WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде үшінші тұр, одан кейін WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата және мексикалық Хайме Мунгия.

Бір қызығы DAZN ең мықты деп платформамен келісімшартта жоқ боксшыны мойындап отыр. Оның үстіне Чарло DAZN-ге тікелей бәсекелес Showtime және FOX Sports арналарында өнер көрсетеді. DAZN стриминг қызметінде Головкин, Андраде және Мунгиямен келісімшарт бар, ал Мурата ESPN арнасында.

Жарнама

Живи спортом!