Бокс
15 сәуір 2019 16:10
 
DAZN "Канело" - Головкин трилогиясын жарнамалай бастаған сыңайлы

  Пікірлер

blog.share

DAZN "Канело" - Головкин трилогиясын жарнамалай бастаған сыңайлы © The Ring

DAZN стриминг қызметі әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен орта салмақта WBC, WBA (Super) белбеулеріне ие мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті жарнамалай бастаған сияқты.

Платформаның твиттердегі ресми паақшасында "Канело" мен Головкиннің суреті жарияланып, мексикалықтың сөзі жазылыпты: "GGG-де белбеу болса, үшінші жекпе-жекті неге өткізбеске?". DAZN твитінде бұған қоса сұрақ қойылыпты: "Трилогия керек пе?". 

"Канело" - Головкин трилогиясы биыл қыркүйекте өтеді деп күтілуде. Алайда бұған дейін мексикалық 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) белбеулер біріктірілетін жекпе-жек өткізеді. 

Ал Головкиннің рингке оралуы 8 маусымға белгіленген. Қазақстандық Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Бұл қазақстандықтың DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болмақ. 

Жарнама

Живи спортом!