Бокс
11 сәуір 09:00
 

DAZN Әлімханұлы мен "Канело" жекпе-жегінің уақытын "белгіледі"

  Пікірлер

blog.share

DAZN Әлімханұлы мен "Канело" жекпе-жегінің уақытын "белгіледі" ©instagram.com/nolimit_aus//tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлемдегі ең ірі стриминг қызметінің бірі DAZN орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жек қашан өтетінін болжап көрді, деп хабаралйды Vesti.kz

blog.share

Әлемдегі ең ірі стриминг қызметінің бірі DAZN орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жек қашан өтетінін болжап көрді, деп хабаралйды Vesti.kz

Жәнібек жоғары салмаққа өтуге дайын

Қазақ боксшы орта дивизионда үстемдік етіп отырғанымен, ол алдына үлкен мақсаттар қойып, "Канелоға" қарсы күшін сынап көргісі келеді. Ал мексикалық боксшы бір дивизион жоғары - екінші орта салмақта өнер көрсетеді және ол категорияның көшбасшысы деуге келеді. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

Алайда Альварестің 3 мамырға жекпе-жегі белгіленіп қойған. Ол IBF титулына ие кубалық Уильям Скуллмен (23-0, 9 КО) абсолют чемпион атағын сарапқа салады. Ал егер осы айқас Саульдің ойындағыдай өтіп жатса, онда әдетте өткізетін күзгі айқасына ол 37 жастағы америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Міне осыдан кейін ғана келесі жылы Альварес қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізе алады. 

Әлімханұлы - "Канело" қашан жұдырқаса алады?

"Канелоның" (Скуллды) жеңуі қыркүйекте Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке жол ашады. Ал енді 2025 жылы Альварес екі айқаста да жеңіске жетсе, Әлімханұлын 2026 жылы суперорта салмақта қабылдауға дайын болады", - делінген сервис жазбасында. 

Айта кетейік, Жәнібек 5 сәуір Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, белбеулерін қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!