"Дайын емес". Костя Цзю ұлының Головкинмен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туралы
Бірінші жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Костя Цзю өзінің ұлы Тимнің (18-0, 14 КО) орта дивизионда IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туралы ойын айтты.

"Тим Головкинмен жекеп-жек қалайды? Еш жерден бұл туралы жазылғанын көрмеппін. Тимофей туралы бәрін оқуға тырысамын, бірақ, бұл туралы одан ешқашан естімеппін. Күнде телефон арқылы сөйлесеміз. Ол жайында сөз де болмады. Олар бөлек салмақта. Гена мықты боксшы. Тима Генамен шығуға дайын емес. Әзірге дайын емес.
Чарлоға қарсы дайын ба? Әлі екі жекпе-жектей қажет. Кастаньо да жақсы боксшы. Көреміз. Біртіндеп, асықпай, өз ісін жасап, ләзәт алу керек", - деп береді Костя Цзюдің сөзін "Чемпионат".
Жарнама