Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында сүрінді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Жартылай финалда 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Шәкімова Тайвань елінің өкілі Чень Ньень Чиньмен кездесті. Бұл кездесуде отандасымыз 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, Дариға Шәкімова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай, Мәдина Нұршаева, Ләззат Күнгейбаева, Жазира Орақбаева қарсыластарынан жеңіліп, бокстан Азия біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал Жайна Шекербекова, Алуа Балқыбекова және Карина Ибрагимова финалға шыққан болатын.