Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу жеңіп алғананн кейін басқа салмаққа өтуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.
"Бастапқыда оған салмақпен қиын болды. Кәсіпқойда раунд көп болғандықтан салмақты да көбірек түсіресің. Бұл баяу өтуі қажет. Жекпе-жекке бір-екі күн қалғанда бес-алты келі тастап, "тірі өлік" сияқты жүруге болмайды. Қазір Данияр өзіне сай диета құрып алды.
Оның бапкері мен әкесі дұрыс жол таңдай алды. Кейінгі екі жекпе-жекті ол оңай өткзді десек болады. Салмағына дәл түсті. Ал дивизион ауыстыруға келсек, жоқ - бұл оның салмағы. Салмақ ауыстыру жоспары жоқ, өйткені әлі ештеңеге қол жеткізбедік. Тым болмағанда бір чемпиондық белбеу жеңіп алайық, сосын нарықта не барына қараймыз.
Ары қарай титулдар біріктіреміз, егер бұл ұзаққа созылып кетсе, жоғары салмаққа өтеміз", - дейді Алиев.