Бокс
1 сәуір 2024 17:07
 

Данияр Елеусінов Азия чемпионымен жекпе-жеке шығады

  Пікірлер

blog.share

Данияр Елеусінов Азия чемпионымен жекпе-жеке шығады ©instagram.com/yeleussinovdaniyar

Танымал кәсіпқой боксшы Данияр Елеусинов (11-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы спорт журналисі Уалихан Қосанбай жазды. 

blog.share

Танымал кәсіпқой боксшы Данияр Елеусинов (11-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы спорт журналисі Уалихан Қосанбай жазды. 

"Маған жеткен ақпарат бойынша, Данияр Елеусінов келесі кездесуін 27-сәуір күні Алматы қаласында өтетін IBA "Чемпиондар түнінде" өткізеді. Даниярдың қарсыласы Өзбекстан елінің өкілі Сайджамшит Джафаров болады. Кездесу 71 келі салмақта, 10 раундқа жоспарланып отыр", - деді комментатор.
 
25 жастағы өзбек боксшысы 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионы атанған. 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың 15 желтоқсанында шаршы алаңға шықты. ОАР келген Джабулани Макхенсені төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп шықты. Алайда бұл кездесуі кәсіби жекпе-жек ретінде есептелген жоқ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!