Бокс
29 қаңтар 15:46
 

"Дәл қазір...". Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Дәл қазір...". Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады © instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сауль Канело Альваерстің (62-2-2, 39 КО) дивизионына өтіп, чемпионмен айқасуға да дайын екенін мәлімдеді. 

blog.share

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сауль Канело Альваерстің (62-2-2, 39 КО) дивизионына өтіп, чемпионмен айқасуға да дайын екенін мәлімдеді. 

Жәнібек өзінен қашып жүрген чемпиондарды айыптады. Қазақстандық боксшы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) мен доминиканалық Карлос Адаместі (24-1, 18 KO) меңзеп отырған болса керек. 

Осыдан кейін Әлімханұлы титулды айқасқа шығу үшін Канело үстемдік етіп тұрған екінші орта дивизионға көтерілетінін айтты. Сауль бұл салмақта WBA, WBC және WBO тұжырымдары бойынша чемпион. 

"Мен дәл қазір 168 фунтқа (екінші орта салмақ) дейін көтеріліп, чемпионмен айқасуға дайынмын. Бірақ ол менімен жұдырықтаспайды ғой! Менімен жекпе-жекке шығуға дайын чемпиондар бар ма?" - деп жазыпты қазақ бкосшы X желісінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!