Бокс
6 қараша 2021 10:07

Чемпионның көз жасы. 20 жастағы қазақ боксшы жеңілісіне қынжылғанын жасыра алмады

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатындағы финалдық жекпе-жектен кейін Vesti.kz тілшісіне отандастарының қолдауы туралы айтты. 

54 келідегі шешуші айқаста 20 жастағы қазақ боксшы жапониялық Томоэ Цубойға ұпай санымен есе жіберді.

"Мені қолдаған қазақстандықтарға алғыс айтамын", - деп қысқа қайырған Махмұд көз жасын көрсетпеуге тырысып, шешінетін орынға кетті. 

Жүлделерді табыстау кезінде Сабырхан өзін ыңғайсыз сезініп, көзіне келген жас тамшыларын сүртіп отырды. Одан кейін сахнадан ортақ суретке түспей-ақ кеткісі келді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport