Бокс
22 сәуір 2021 12:37
 

Чемпионға бір қадам қалды. Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің биігіне көтерілді

  Пікірлер

blog.share

Чемпионға бір қадам қалды. Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің биігіне көтерілді Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесінде рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz. Жарияланған жаңа тізімде қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер бар. 

blog.share

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесінде рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz. Жарияланған жаңа тізімде қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер бар. 

Осылайша, орта дивизионда Жәнібек Әлімханұлы үш саты жоғарылап, мексикалық Хайме Мунгиядан кейін екінші болды. Қанат Ислам тізімде бесінші орынға көтерілді, ал Мейірім Нұрсұлтанов 13-ші орында өзгеріссіз қалды. WBO ұйымының орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андраде.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы позиция өзгертпеді, төртінші орында тұр. Бұл дивизион чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс.

Айта кетейік, Жәнібек пен Айдос өз салмақтарында WBO Global титулдарына ие.

Жарнама

Живи спортом!