Бокс
12 қазан 2020 12:24

Чемпиондыққа бір қадам. Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде кіммен шығатыны айтылды

Сурет: ringtv.com

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінде 28 жастағы британиялық Лиам Уильямспен (23-2-1, 18 KO) жекпе-жекке шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

"Уильямс WBO желісі бойынша амеркиалық Деметриус Андрадеге міндетті қарсылас. Егер Лиам мен Андраде арасындағы кездесуді ұйымдастыру бойынша қиындықтар туса, ол Әлімханұлымен жұдырықтаса алады. Қазақстандық боксшы - талантты, жақсы дағдылары бар және британиялықтан жасырақ, сондықтан оған үлкен қиындық туғызады. Лиам тіпті Әлімханұлынан жеңіліп те қалуы ғажап емес. 

Егер Уильямс шынымен мықты болса, Әлімханұлын жеңеді. Егер қолынан келмесе, Лиам Смитке екі рет жеңілгендегі жағдайға қайта түседі", - делінген мәтінде.