Чемпиондық айқас алдында пышақталған өзбек боксшы нокаутпен жеңіске жетті

Супер жеңіл салмқатағы өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев (25-2, 22 КО) угандалық Джунджа Пауэрді (8-2, 6 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.
Супер жеңіл салмқатағы өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев (25-2, 22 КО) угандалық Джунджа Пауэрді (8-2, 6 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.
Ферғанадағы Samo Arena шаршы алаңында өткен бокс кешіндегі жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда, біріншісінде аяқталды.
Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады
Алғашқы үш минутта-ақ Эргашев қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Угандалық боксшы кезекті рет құлағаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылай Шохжахон бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
SHOHJAHON ERGASHEV WITH AUTHORITY! ?
— Salita Promotions (@SalitaProm) February 16, 2025
Ergashev claimed victory last night over Junju Smith with a swift knockout.
(?: shohjahonergashev_official / IG) pic.twitter.com/f4ExB33Ojl
Бұл Эргашевтің карьерасындағы 25-ші жеңіс болды, ал Пауэр кәсіпқой рингте екінші рет жеңіліп отыр.
Айта кетейік, Шохжахон әлем чемпионы атағына үміткер болған. 2023 жылы ол IBF чемпионы пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (20-1, 20 КО) жекпе-жекті бесінші раундтан кейін жалғастыра алмады, оған себеп осы айқас алдында өзбек боксшыны Мәскеуде пышақтап кеткен болатын. Міне Эргашевке ары қарай жұдырықтасуға осы жарақаты мұрсат бермеген еді.
Жарнама