Чемпиондығын қорғайды. Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі белгіленді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) желтоқсан айында рингке оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) желтоқсан айында рингке оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметі бойынша, Тұраров бірінші жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондығын қорғайды. Әзірге қарсылас нақты белгісіз, бірақ бұған дейін Жанқош германиялық Тимо Шварцкопфпен (22-5, 13 КО) жұдырықтасатыны айтылған еді.
Еске салайық, қазақстандық боксшы бұл белбеуді көктемде Астанада өткен бокс кешінде мексикалық Алехандро Менесесті (16-6, 9 KO) нокаутқа түсіріп жеңіп алған болатын.
Жарнама