Британиялық журналист Бен Смит қарсылас табуға қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) не кедергі екенін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол қазақ боксшыны әйгілі отандасы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) де салыстырды.
"Канелоның" ізбасары Жәнібек Әлімханұлын лақтырды
"Әлімханұлы өзінен қорқу керегін көрсетті. Кейінгі айқастарында бабына келіп, үлкен жекпе-жектерге дайын екенін дәлелдеді. Алайда Жәнібектің адуыны өзіне кедергі болып отыр.
Жәнібектің басындағы жағдай, Головкиннің Америкадағы бастапқы жылдарын еске түсіреді. Әлімханұлы қауіпті болғанымен, онымен айқастан үлкен қаражат түсетіндей аты шығып, жарнамаланбаған. Енді ол келесі қарсыласты күтіп, ол да бас тартпайды дегенге үміттену ғана қалды", - дейді Смит.