"Хабар" арнасы Сергей Липинецтің (16-1-1, 12 КО) АҚШ-та өтетін жекпе-жегін тікелей көрсетеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік боксшының қарсыласы америкалық Джарон Эннис (26-0, 24 КО). Жартылай орта салмақағы айқас Кентуки штаты Анкасвилл қаласындағы бокс кешінде өтеді. Қазақстан уақытымен ол 10 сәуірде. "Хабар" трансляцияны 08:00-де көрсетеді.
Еске салайық, Липинец Ақтөбе облысының Мартұқ ауылында дүниеге келіп, балалығы сонда өткен. Мұның алдында боксшы анасының қазақ екенін айтқан.
Ал боксқа дейін Липинец WAKO PRO тұжырымы бойынша кикбокстен Ресей және әлем чемпионы болған.