Чемпион Әлімханұлын лақтырды. Енді ол басқа қазқ боксшымен айқасады

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) титулын ұйым рейтингінде екінші тұрған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа (20-0, 11 КО) қарсы қорғауы мүмкін.
Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) титулын ұйым рейтингінде екінші тұрған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа (20-0, 11 КО) қарсы қорғауы мүмкін.
14 желтоқсан Лас-Вегастағы бокс кешінде америкалық Джервонта Дэвис (30-0, 28 КО) отандасы Ламонт Роучпен (25-1-1, 10 КО) жеңіл салмақта WBA белбеуі үшін айқасады.
Дереккөз мәліметінше, Адамес Нұрсұлтановпен осы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасқысы келеді екен.
Мейірім кейнгі рет былтыр қарашада Ташкенттегі WBC конвенциясы кезінде осы ұйым чемпионына басты үміткерді анықтайтын айқаста чилилік Хулио Аламосты (16-2, 9 КО) жеңген еді.
Жарнама