Бұрынғы чемпион Канелоның "құйтырқы әрекетін әшкере қылды"
Екі салмақта чемпион болған америкалық Пол Малиньяджи міндетті қарсыластардан қашып жүргендіктен мексикалық Сауль Канело Альваресті (60-2-2, 39 КО) екінші орта дивизиондағы титулдарынан айыру керек деп есептейді, деп жазады Vesti.kz.

Малиньяджи өзінің YouTube арнасында Дэвид Моррелл (10-0, 9 КО) мен Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО) сияқты мықты боксшылар суперорта салмақта жүргенімен барлық белбеу тек Канелода екеніне наразылық білдірді. Осыған байланысты ол санкция беретін ұйымдардың жұмысына күмән келтірді. Өйткені олар Альвареске белбеулерін сақтап қалуға рұқсат беріп отыр. Малиньяджидің сөзінше, Сауль нағыз жекпе-жектерден қашып, орташа қарсыластармен жұдырықтасып жүр, осылай ол тек ақша табудың жолында.
Канело былтыр қыркүйекте өткен кейінгі айқасында америкалық Джермелл Чарлоны (35-2-1, 19 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бірінші орта салмақта абсолют чемпион болған Джермелл Альвареспен екінші орта дивизионда жұдырықтасты.
Енді мексикалық боксшы Джермеллдің егізі орта салмақта өнер көрсететін Джермалл Чарломен (33-0, 22 КО) жекпе-жек өткізбек.
Жарнама