Бұрынғы чемпион Головкин мен "Канело" мүмкіндіктеріне шынайы баға берді
Бірінші ауыр салмақта WBC чемпионы болған, ал қазір промоутер Григорий Дрозд қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты оз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин мен Альварестің кездесуі бәсекелі болады деп есептеймін. Бұрын да айтқанмын, бірінші айқаста Гена жеңді. Оның соққысы әлі де ауыр. Онда бәрі бар, тек мойындау керек жылдамдық азайды. Ал "Канело" енді жаралы аңдай айқасады, Биволдан оңбай жеңілгеннен кейін жанкүйерлері алдында абыройын қайтару үшін.
Жалпы жекпе-жек қызықты болады. Геннадийдің жасын есепке алсақ, фаворит әрине "Канело". Дегенмен тағы қайталайын, Гена әлі де бабында", - деп береді Дроздтың сөзін "Матч ТВ".
Жарнама