Қазақстандық белгілі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында хабарланып отыр.
"Шүменов Бейбіт. 2-күн іздестіріліп жатыр. Туған күні: 19.08.1983, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 22.07.2023 "Астана өңірде тіркелді". Бастамашы: ҚР ІІМ. Іздестіруді жүргізетін орган: Астана қаласының Есіл аудандық ПБ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, Шүменов қолында кішкентай баласы бар адамға шабуыл жасаған еді.
Айта кетейік, Бейбіт Шүменов қазақстандық белгілі боксшы. Кәсіпқойдағы карьерасын 2007 жылы бастап, рингте 19 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жеткен және екі рет есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты боксшы карьерасын аяқтады. Бейбіт жартылай ауыр салмақта WBA (2013—2014) және IBA (2009—2014) чемпионы болған.