"Бұрын қайда болдың?". Промоутер Головкинге наразылығын ашық айтты
Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) көңілі толмай жүрген көрінеді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) көңілі толмай жүрген көрінеді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Промоутер қазақстандықтың Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 30 КО) үшінші жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде үнсіз қалатынына наразы.
Головкин шынымен де баспасөз мәслихаты кезінде аз сөзді және DAZN басшыларын жақтырмай жүргенін жасырмайды да. Себебі олар мексикалықпен айқасты 2019 жылы ұйымдастырып беру керек болған.
"Баспасөз мәслихаты кезінде мен олай да, былай да тырыстым. Бірақ Головкин сол күйі ештеңе айтпады. Ал бірнеше күннен кейін сұхбатты көріп, шок болдым: "Ей, бауырым, бұрын қайда қалдың? Баспасөз мәслихатында неге аузыңа құм құйып алғандай отырдың?". Шынын айтқанда, жекпе-жеке бір апта қалғанда олар бір-біріне іштегісінің бәрін айтып тастайтынына сенімді болғым келеді", - дейді Хирн.
Осылайша, промоутер Головкиннің трилогияны жарнамалауға ат салыспай жүргенін меңзеп отыр. Өйткені месикалық Геннадийді нокаутқа түсіремін, зейнетке шығарып тастаймын және бұл жеке есеп айырысу дейді. Ал қазақстандық боксшы баспасөз мәслихатында бір-екі ауыз сөзбен шектеліп жүр.
Жарнама