Бокс
29 мамыр 2019 16:08
 
"Бұл тобыр кезекке тұрсын". Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр

  Пікірлер

blog.share

"Бұл тобыр кезекке тұрсын". Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр © boxingnews24.com

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында болашақтағы қарсыластары туралы сөз қозғады.

Головкин келесі жекпе-жегін жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Ал қазақстандықты рингке оралуға Джонатан Бэнкс дайындап жатыр.

Жаттығудан кейін Головкинге орта салмақта WBO чемпионы Деметрису Андрадемен және екінші орта салмақта осы ұйым чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке қалай қарайтынын сұрады.

- Басқа чемпион, Андрадеге қатысты, ол сізден кейін жұдырықтасады?
- Егер осы тізімде болса, әрине, олар жұдырықтасуға құқылы. Нақты біреуді бөліп: "мынаның құқы бар", "мынау жұдырықтасуға міндетті" немесе "оған мүмкіндік бер.." деуге келмейді. Олардың бәрі бар, егер тізім бойынша келсе, дайын болса, міндетті түрде олармен жұдырықтасамын. 

- Сондерс жекпе-жек өткізуге екі рет келісімшартқа қол қойғанын айтады? Сол күйі неге жұдырықтаспадыңыздар?
- Енді, қазір Сондерс туралы айту... ол назар аударуға тұрмайды. Жалпы олардың ешқайсысын бөліп қарастырып керек емес. Айтқанымдай, бұл топтың бәрі кезекте тұруы керек. Егер біреу шынымен жұдырықтасқысы келсе - жекпе-жек өткіземіз. Кезекке, бәрі кезекке тұрсын. 

Жарнама

Живи спортом!