Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) Астанадағы бокс кешіндегі жеңісінен кейін сынға қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
30 жастағы боксшы кәсіпқой карьерасында алғаш рет төрешілер шешімімен жеңіп отыр
"Қайтадан сырғу! Бүгін екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың кәсіпқойдағы айқасын көрдім. Бұл масқара! Таза әуесқойдағы жұдырықтасу мәнері - сырғып секіріп жүріп, алыстан екі соққы тастайды немесе қарсыласын қашықтықта ұстау үшін осал джебтер жасайды. Секірді, секірді... шаршады. Жекпе-жек соңына таман қарсыласына асылып алды, ал ол деген салмақ өлшеу рәсімі кезінде Қазақстанға келмеген де болатын.
Жаттығу лагерін өтпеген джорнименді алып келді, ал ол болса климатқа бейімделмесе де, тыныс алуы жағынан Олимпиада чемпионынан асып түсті, өйткені, секеңдей бермеді, тек қысымға ала берді. Айтпақшы, қарсыластың бойы 190 бола тұра, салмағы 135 келі. Қандай домаланған бауырсақ екенін түсінген боларсыздар.
Джалоловтың кәсіпқойда болашағы зор деп айта алмаймын. Америкаға жақсы бапкерге кетіп, стилін өзгерту орынна әуесқойда көп жүріп қалды. 114 келілік боксшыға үнемі секіріп жүруге кім кеңес берді? Осымен тәмәм", - деп жазыпты Matveev | MMA & Boxing Telegram арнасының авторы.
Жарнама