"Бұл қауіпті". Британиялық маман Елеусіновке мықтылармен жұдырықтасуға неге ерте екенін айтты
© zimbio.com
Британиялық TalkSport.com порталының спорт редакторы Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусіновке (6-0, 3 КО) үлкен жекпе-жектерге шығу ерте екенін айтады.
17 наурызда Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен (37-24, 18 КО) сегіз раундтық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген болатын.
"Елеусінов Matchroom компаниясының болашағынан үміт зор боксшыларының бірі. Алайда Сильверио Ортиспен жекпе-жек жартылай орта салмақ мықтыларымен жұдырықтасуға әлі ерте екенін көрсетті.
Елеусінов аяғын жақсы қимылдатады және жылдам, алайда, ол әуесқойдағы бірқатар әдеттерін қоймаған. Бұл айтарлықтай қауіпті. Ол күш салу керек соққыларға барын салмайды, шала жасайды. Әрине бұл кәсіпқойға енді келгендердің көбінде бар, бірақ, осы уақытқа дейін одан арылу керек болатын.
Оның қызбалығына да көп нәрсе байланысты. Егер шыдамды болып, жұмысын істесе, қолынан бәрі келеді", - деп атап өтті Бенсон.
Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой боксқа былтыр сәуірде ауысты. 11 айда ол үш рет АҚШ, екі рет - Ұлыбритания және Монакода бір рет жұдырықтасқан. Әуесқойда қазақстандық боксшы 2016 жылғы Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленген.

Жарнама