"Бұл жігіт 147 фунтта қиындық тудырады". Промоутер Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі жайлы

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) сәуір айында рингке оралады. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн хабарлады.
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) сәуір айында рингке оралады. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн хабарлады.
Еске салайық, әлі жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы былтыр қарашада намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental титулын жеңіп алды.
"Даниярдың кейінгі жекпе-жегінде Индонгоны жеңуі тамаша болды. Ол дайын. Бұл жігіт 147 фунтта кез келген боксшыға қиындық тудырады. Оның үлкен қадамдар жасап жатқанын көріп отырсыздар. Ол сәуірде оралады", - дейді Хирн.
Айта кетейік, 2 сәуірде Хирн Өзбекстанда бокс кешін ұйымдастырмақ. Бұл шоуға Исраил Мадримов, Муроджон Ахмадалиев пен Шахрам Гиясов сияқты жергілікті боксшылар қатысады. Елеусінов те осы кеште жұдырықтасуы ықтимал.
Жарнама