Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (21-0, 12 КО) WBC, WBA Super және WBO титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) төбелестің себебін айтты.
"Біз бір-бірімізді сөзбен түйреп тұрдық, сосын болғаны болды. Бірақ бұл мені алаңдатпайды, бар назарым 6 қарашада. Анамды екі жыл бұрын полицей атып өлтірген. Онда өзгенің анасын айтып, қалай тиіспекпін? Мені біреудің анасы, балалары немесе әйелін сөз еткенімді ешқашан көрмейсіздер. Ерлер соғысқа кеткенде әйелдер мен балаларын үйде қалдырады.
Бұл былшыл сөзге еш сенбеңіздер. Бар шындық оның өзінен қорықпайтын адаммен бетпе-бет келіп, басынан кетіп қалғандығында. Оның тәкәппарлығы мұндайды көтере алмады", - деп жазыпты Плант твиттерде.