Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) WBA титулына ие доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) жекпе-жек өткізуге келісім алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бос сөзді доғар!"
Жәнібек жекпе-жек келісімшартына қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Ендігі шешім Адаместе.
"Карлос, бос сөзді доғар. Егер менімен шынымен жұдырықтасқың келсе, командаға айт! Мен келісімшартқа бүгін қол қоямын. Жанкүйерлер бос сөзден шаршады. Мен сөзімде тұратын адаммын. Енді сен де сондай екеніңді дәлелдейтін уақыт келді. Айқасқа шығайық", - деп жазыпты Жәнібек Х желісінде.
Доминиканалық чемпион өз кезегінде жекпе-жекке дайын екенін хабарлады. Ендеше боксшылар айқас өткізуге жақын. Екеуі де әлеуметтік желіде тістесе беруден жалығып, кім мықтыны рингте анықтамақ.
"Адамдар бір нәрсені қайта-қайта оқи беруден зеркіті деп ойлаймын. Мен жай ғана жекпе-жекті ұйымдастыру үшін осынша кедергіні ешқашан көрген емеспін. Бәрі оңай. Маған Жәнібектен басқа ешкім керек емесін бірнеше жыл айтып келемін. Сондықтан дайындал - бұл айқас өтетін болса, мен сені зейнетке жіберемін", - деп жазыпты Адамес Х желісінде.
Орта салмақтағы жағдай
Қазақ боксшы орта салмақта үстемдік етіп тұрған чемпион. 5 сәуір Астанада Жәнібек IBF және WBO титулдарын қорғады. Әлімханұлы бұрын жеңілмеген франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Доминиканалық боксшы 2024 жылдан бері WBC белбеуіне иелеік етеді. Кейінгі рет ол титулын 22 ақпан британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) айқаста қорғаған. Бұл жекпе-жек тең аяқталып, Адамес атағын сақтап қалды.
Орта дивизионда үшінші чемпион кубалық Эрисланди Лара (31-3, 19 KO), ол WBA белбеуін иеленіп отыр.
Жарнама