Бокс
6 желтоқсан 10:01
 
Бүгін Азия чемпионатында бес қазақ боксшы жүлдеге айқасады

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Азия чемпионатында бес қазақ боксшы жүлдеге айқасады ©instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін, 6 желтоқсанда Таиландтың Чангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар өтеді. 

Рингке Қазақстан атынан бес боксшы сынға түседі. Жекпе-жектерді Азия бокс конфедерациясының You-Tube арнасынан тамашалай аласыз. Басталуы 12:00. 

Жарыс кестесі мынадай:

№4. Санжар Тәшкенбай - Мехрон Шафиев (Тәжікстан) - 48 кг;

№ 5. Сәкен Бибосынов - Асилбек Жалилов (Өзбекстан) - 51 кг;

№9. Махмұт Сабырхан - Джаянатх Кумар (Шри-Ланка) - 54 кг;

№15. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Сомчай Вонгсуван (Таиланд) - 63,5 кг;

№18. Сағындық Тоғамбай - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан) - 92 кг.

Кеше 60 келіде өнер көрсететін Бейбарыс Жексен жарыстан шығып қалды, ол тәжікстандық Акмаль Убайдовқа есе жіберді, ал жалпы Қазақстан құрамасынан әзірге үш боксшы осы турнирде жүлдесіз қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!