Бокс
22 сәуір 10:17
 

Біріншісінде рингтен ұшып кеткен. Енді қарымта айқас жылдам нокаутпен бітті

  Пікірлер

blog.share

Біріншісінде рингтен ұшып кеткен. Енді қарымта айқас жылдам нокаутпен бітті ©RingSide24

Англияның Бирмингем қаласында жартылай ауыр салмақтағы жергілікті боксшылар - жеңіліс көрмеген Бен Уиттакер (9-0-1, 6 КО) мен тәжірибелі Лиам Кэмерон (23-7-1, 10 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англияның Бирмингем қаласында жартылай ауыр салмақтағы жергілікті боксшылар - жеңіліс көрмеген Бен Уиттакер (9-0-1, 6 КО) мен тәжірибелі Лиам Кэмерон (23-7-1, 10 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарымта айқастағы жылдам нокаут

Бұл қарсыластардың екінші рет кездесуі. Қарымта айқас он раундқа есептелген болатын, алайда, екіншісінде-ақ аяқталып отыр. Уиттакер иектен тиген дәл соққымен қарсыласын есеңгіретіп алды да, оны арқанға қысып, шабулышын барынша үдетті. Төреші Кэмеронның қорғана алмай жатқанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Бен тезникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бірінші айқас ойламаған жерден тоқтаған еді

2024 жылы 12 қазан Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен бірінші жекпе-жек өзгеше аяқталды. Бесінші раундта екі боксшы клинчте тұрған күйінде арқаннан ауып кетіп, ринг сыртына құлайды. Уиттакер жарақат алып қалдым деп, ары қарай жұдырықтасудан бас тартады. Бұл кездесу бойынша шешім мынадай болды: қазылардың бөлек шешімімен техникалық тең айқас (58-57 Уиттакер, 58-57 Кэмерон, 58–58).

Енді міне екінші кездесуде Уиттакер ешқандай сұрақ қалдырмай кім мықты екенін дәлелдеп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!