"Бірінші раундтан кейін бұл ауыр жұдырықтасу болатынын түсіндім" - Головкин мен Деревянченко жекпе-жек жайлы
IBF және IBO версиялары бойынша орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
IBF және IBO версиялары бойынша орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қарсыласыма рақмет, оның командасы құрметке лайық. Сергей - өте күшті қарсылас. Бірінші раундтан кейін бұл ауыр жұдырықтасу болатынын түсіндім.
Физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бүгін менің ең сәтті күнім емес деп ойлаймын. Десе де үлкен тәжірибе алдым. Енді маған не керек екенін білемін.
Нокдаун? Иә, одан кейін сәл фокус жоғалтып алдым. Оңай жекпе-жек болмады. Сергейге респект. Ол нағыз ерлік көрсетті. Үздік, таза кездесу болды. Оған реванш беруге дайынмын ба? Әрине, бұл DAZN мен жанкүйерлер үшін үлкен жекпе-жек болса, мен дайынмын", - деді Головкин аренада.
Сондай-ақ, қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.
"Барлығы дайын. Ол "иә" десе, неге өткізбеске. Мен бәріне ашықпын. Тамаша чемпиондар көп", - деді Головкин.
Ал Деревянченко мүмкіндік болса қарсыласымен реваншқа шыққысы келетінін айтты. Ол қабақтан аққан қан көзіне аға беріп, кедергі келтіргенін мойындады.
Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Боксшылар барлық 12 раунд бойы бір-біріне жеңіс бермей келді, бірақ нәтижесінде төрешілер бірауыздан Головкинге дауыс берді. Ал бірінші раундта нокдаунға түскен Деревянченко карьерасында екінші рет жеңіліс тапты.
Жарнама