75 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Құлахмет төрешілер шешімімен филиппиндік Эумир Марсиальді жеңілді - 0:5. Айта кетейік, қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ нокдаунға түсті.
Айта кетейік, Құлахмет биыл Азия чемпионы атанды. Бұл турнирге және әлем чемпионатына да ол Әбілхан Аманқұлдың жарақатына байланысты қатысты.
Мұның алдында 52 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Пангал Амиттен жеңіліп, әлемдік жарыстың қола жүлдесін місе тұтты.