Филиппиндік боксшы Марк Магсайо (23-0, 16 KO) WBC желісі бойынша іріктеу жекпе-жегінде мексикалық бұрынғы чемпион Хулио Сеханы (32-5-1, 28 KO) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жектің бірінші раундында-ақ Сеха нокадаунға түсті.
https://twitter.com/premierboxing/status/1429265685033652225?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1429265685033652225%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_c10&ref_url=https%3A%2F%2Fvesti.kz%2Fprofi%2Fpretendentyi-titul-wbc-obmenyalis-nokdaunami-zavershili-boy-299948%2F
Алайда бесінші раундта мексикалық боксшы есе қайтарып, қарсыласын есеңгіретті.
https://twitter.com/premierboxing/status/1429269884710621185?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1429269884710621185%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_c10&ref_url=https%3A%2F%2Fvesti.kz%2Fprofi%2Fpretendentyi-titul-wbc-obmenyalis-nokdaunami-zavershili-boy-299948%2F
Ал оныншы раундта Магсайо мексикалықты есінен тандырды. Бұл оқиға жыл нокаутына ұсынылды.
Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде 42 жастағы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) 35 жастағы кубалық Йорденис Угаспен (26-4, 12 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілді.