Бірінші айқаста-ақ финал! Қазақ боксшы әлем чемпионатында Олимпиада чемпионымен жұдырықтасады

Сербия астанасы Белградта бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сербия астанасы Белградта бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қорытындысы бойынша қазақстандық Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады. 1/16 финалдық кездесу 51 келі салмақта өтеді.
24 жастағы Бибосынов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ал 28 жастағы Дусматов - 2016 жылғы Рио Ойындарының чемпионы. Сонымен қоса, ол кәсіпқойда үш жекпе-жек өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген.
Жарнама