Британияның ең мықты промоутері "Канело" мен Головкин айқасы жайлы мәлімдеме жасады

Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) үшін қаржы жағынан ең тиімдісі Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас екенін мәлімдеді. Промоутердің сөзін Boxingscene.com беріп отыр.

"Канело" DAZN платформасынан кетіп, еркін агент атанған. Қарашада ол PPV-ге (ақылы трансляция) оралу үшін Showtime және Premier Boxing Champions трансляторларымен келісім жасады.
"Канело" рингке 2022 жылы мамырда оралуды жоспарлауда. Ал Хирн мексикалықты DAZN-ға қайтару үшін бірнеше ұтымды ұсыныс жасамақ. Оның бірі Головкинмен айқас.
"Біз оған барып, былай демекпіз: "Міне біздің үш-төрт нұсқамыз". PBC өз тарапынан үш немесе төрт жекпе-жек ұсынады. Тағы біреу үш немесе төрт қарсылас ұсынатын шығар. Ол келісімді қарап шығып, бірін таңдайды. GGG-мен айқастың үлкен болатыны соншалық, жақын арада ол туралы жариялаймыз деп ойлаймын. Алда ол белбеу біріктіретін айқас өткізеді. Головкин мен "Канело" жекпе-жегі - өте ауқымды, Альварес үшін ең қаржылы айқас шығар", - дейді Хирн.
Жарнама