Британдық боксшы Әлімханұлынан "қашып" кеткен чемпионды нокаутқа түсіремін деп уәде берді
Екінші орта салмақта WBO белбеуінің иегері 34 жастағы америкалық боксшы Деметриус Андраденің (31-0, 19 KO) қарсыласы британдық Зак Паркер (22-0, 16 КО) алдағы айқаста чемпионды нокаутқа түсіретінін айтты, деп жазады vRINGe.com порталы.

"Маған мұндай мүмкіндік берілгеніне өте қуаныштымын. Төбем көкке екі елі жетпей тұр десем де болады. Бұл менің арманым еді. Андраде қате шешім қабылдады. Дербиде оны жек көретін жанкүйерлер қарсы алады. Сонымен қатар, ол салмағын көту керек. Менің стилім кез-келген боксшы үшін ыңғайсыз. Себебі, мен әр кездесуі сайын өзгеріп тұрамын. Ал Андраде болса шаршап қалған. Оның жасы 34-ке толады.
Маған сеніңіздер. Мен Деметриусті тоқтатын бірінші боксшы боламын. Өмір бойы осындай үлкен айқасты күттім. 21 мамыр күні әлем Зак Паркердің кім екенін біледі. Мен оны нокаутқа түсіремін", - деді 27 жастағы боксшы.
Айта кетейік, Паркер мен Андраде арасындағы айқас 21 наурыз күні Дерби (Ұлыбритания) қаласындағы Pride Park стадионында өтеді.
Жарнама