Жеңіліс көрмеген бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) орта салмақта WBA, IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 KО) жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Геннадий Головкинмен әлемнің кез-келген нүктесінде кездесуге дайынмын. Қазақстандықты жақсы білемін. Қазақ жерінде айқасып жатсақ, өз үйімде жүргендей боламын. Өз спортшысына керемет қолдау білдіретін қазақстандық жанкүйерлер ұнайды және жекпе-жектің аншлагпен өтетініме күмәнім жоқ", - деп жазды Фалькао твиттер парақшасында.
Белгілі болғандай Головкин IBF белбеуін қорғау үшін міндетті түрде Фалькаомен қолғап түйістіру керек. Ал екеуінің жеңімпазы кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі.