Бір соққымен ұшырды. "Қасапшы" қарсыласын екінші раунда сұлатты
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Виктор Темиров (5-0, 4 КО) кәсіпқойдағы кезекті айқасында жеңіске жетті.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Виктор Темиров (5-0, 4 КО) кәсіпқойдағы кезекті айқасында жеңіске жетті.
"Қасапшы" лақап атты Темиров 20 қаңтар Германияның Дюссельдорф қаласындағы бокс кешінде өнер көрсетті. Қарсыласы 19 жастағы швейцариялық Джером Алле (4-1, 1 КО) болды. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы 8 раундтық жекпе-жегі еді, алайда ол қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Алматыда дүниеге келген Темиров алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Одан кейінгі екі айқасында да қарсыластарын сұлатқан. Осымен барлық бес кездесуін де Германияда өткізіп отыр.
Жарнама