Лондонда өткен бокс кешінің басты айқасында ауыр салмақта жеңілмеген екі боксшы бетпе-бет келді - британиялық Дэвид Аделейе (11-0, 10 KO) мен украиналық Дмитрий Безус (10-1, 5 KO), деп хабарлайды Vesti.kz.
Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісінде аяқталды. Безус шабуыл жасаймын деп қателік жасады. Қасрыласын бұрышқа қыспақ болған сәтте ол ауыр соққы өткізіп алып, шалқасынан түсті. Украиналық боксшы аяғына тұрып, есіне келгенімен төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды.
Осылайша, Аделейе WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Безус карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.