Қазақстан құрамасының боксшысы Бекзат Нұрдәулетов Ресейде өткен 2021 жылғы "Санкт-Петербург Губернаторының кубогы" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
81 келі салмақтағы финалдық айқаста Бекзат ресейлік Имам Хатаевты жеңді. Оның үстіне қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді.
Ал Әбілхан Аманқұл (75 келі) жарақат салдарынан финалдық кездесуге шыға алмай, күміс жүлде иеленді.