Бокс
13 қыркүйек 2021 15:22
 

"Бір соққы шешіп кетуі мүмкін". Олимпиада жүлдегері Айдос Ербосынұлы мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Бір соққы шешіп кетуі мүмкін". Олимпиада жүлдегері Айдос Ербосынұлы мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы ©inform

Белгілі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) елордада өткен "Көшпенділер шайқасы 2" турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Белгілі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) елордада өткен "Көшпенділер шайқасы 2" турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кештің басты айқасында Алматы облысының тумасы гайаналық Аллен Леннокспен (22-2-1, 14 КО) кездесіп, 10 раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Айдос екінші орта салмақта WBA чемпионына қарсылас атанып отыр. Осыған байланысты грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев "Барыстың" болашақта әлемдік деңгейдегі спортшылармен шығу үшін не істеу керектігін айтып берді.

- Нұрбақыт аға, Айдостың жекпе-жегіне спорт маманы ретінде қандай баға бересіз?  

- Айдостың қарсыласы өте мықты боксшы. Кәсіпқой карьерасында жиырмадан астам кездесу өткізген. Айдостың соңғы екі жылдағы қарсыластары әлемдік деңгейдегі ең мықты былғары қолғап шеберлері екендігін айта кеткен жөн. Бұл жолғы жеңіс те Айдосқа оңай келген жоқ. Қарап отырсаңыздар, отандасымыз да біраз соққыны қабылдады. Бірақ Айдос соңына дейін айқасқанының арқасында басым түсті. Функционалды дайындығы жақсы болды. Аллен Леннокс 10 раундта болдырып қалды. Көп қателіктер жібере бастады. Нәтижесінде біздің батыр ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, жеңіске жетті.

- Болашақта Айдос Ербосынұлы мексикалық Сауль Альвареспен рингте жолдары түйісуі мүмкін деген әңгімелер айтылып жүр...

- Альвареспен шығу үшін әлі де болса көп дайындалу керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда Айдос рейтингте әлемнің ең үздік боксшыларының бірі болып табылады. Бокста бір соққы шешіп кетуі мүмкін. Уақыт өткен сайын жерлесіміздің қарсыластары күшейіп барады. Яғни мықты қарсыластармен шығып жүр. Сондықтан Айдос болашақта "Канеломен" кездесіп жатса, жақсы дайындықтан өтуі тиіс деп есептеймін.

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой карьерасындағы 16 кездесуін жеңіспен аяқтап отыр. Соңғы рет ол өткен жылдың желтоқсанында рингке шығып, ганалық Исса Самирді жеңген болатын.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!