Әлемнің бұрынғы чемпионы кубалық Гильермо Ригондо (23-3, 16 КО) бір жарым жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралды.
Майамиде өткен бокс кешінде 44 жастағы Ригондо доминиканалық Даннис Ариаспен (20-3, 17 КО) жекпе-жек өткізді. Екінші өте жеңіл салмақтағы айқаста WBC International титулы сарапқа салынды.
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды, Ариас бауырынан соққы алып, орнынан тұра алмай қалды.
Ригондо — Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, ал кәсіпқойда екі салмақта чемпион және Р4Р рейтингінде топ-10 тізімде болған.