Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннадий Головкиннің Италияда өткен лицензиялық турнирдегі жетістікке қалай әсер еткені жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
"ҰОК президенті Геннадий Головкиннің арнайы келіп, жарыс соңына дейін жігіттерге қолдау көрсеткені де ерекше әсер етті. Головкин бокс әлеміндегі даңқты тұлғалардың бірі әрі Қазақстаннан шыққан жұлдызды спортшы. Сондықтан, ҰОК басшысының командаға жігер беріп, әр боксшыға ақыл-кеңесін айтқаны үлкен демеу болды. Біздің жігіттерді оятты десем, артық емес", - деп береді Айтжановтың сөзін Olympic.kz.