BoxRec қазақ нокаутшының рейтингтегі орнын өзгертті

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) BoxRec рейтингінде жоғарлады. Бұл өзгеріс америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін болды.
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) BoxRec рейтингінде жоғарлады. Бұл өзгеріс америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін болды.
Қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірген Ахмедов BoxRec-тің бірінші орта салмақ рейтингінде 34-орынан 27-ге көтерілді.
Ахмедов - Игбокве жекпе-жегі кезінде Геннадий Головкиннің промоутері болған Том Леффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастырған шоу аясында өтті.
Сонымен қоса, Садриддинді АҚШ-та қазір Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес жаттықтырып жатқанын айта кетейік.
Жарнама